Accessibility links

Чехияда "Ресей пропагандасымен" күресетін қызмет құрылды


Чехия полициясы (Көрнекі сурет).
Чехия полициясы (Көрнекі сурет).

Чехия ішкі істер министрлігінде Ресей пропагандасымен және өзге де мемлекеттердің қоғамдық пікірге ықпал ету әрекеттерімен күресетін бөлім құрылды. Бұл туралы Чехия ішкі істер министрі Милан Хованецтің мәлімдемесіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады.

Жаңа құрылымда 20 адам жұмыс істейді. Олар дезинформацияға әлеуметтік желілерді пайдалана отырып реакция білдіреді және шенеуніктерді онымен күресуге үйретеді. "Біз әрбір смартфонға кіруге тырысамыз" деген Хованец.

Мәскеу әзірге чех министрінің мәлімдемесіне комментарий берген жоқ.

Қыркүйекте Чехияның ақпараттық қауіпсіздік қызметі (BIS) жыл сайын жариялайтын есебінде Ресей Чехияға қарсы "ақпараттық соғыс" жүргізіп отыр деп мәлімдеген. Чехия қарсы барлау қызметінің мәліметінше, Мәскеу Еуропа Одағы, Украина мен НАТО-ны қаралайтын ақпараттар таратумен және пропагандамен айналысатын агенттер мен топтар желісін құрған. Чехия билігі бұл желі елдегі жағдайды шайқалту үшін пайдаланылуы мүмкін дейді.

2011 жылы жүргізілген санақ бойынша, Чехияда шамамен орыс тілді 30 мың азамат тұрады. Елде орыс тілінде ақпарат тарататын ондаған сайт бар.

XS
SM
MD
LG