Accessibility links

БҰҰ адам құқығы кеңесі Алеппоға қатысты тәуелсіз тергеу жүргізуді қолдады


Алепподағы қираған ғимараттар. 19 қазан, 2016 жыл.
Алепподағы қираған ғимараттар. 19 қазан, 2016 жыл.

БҰҰ-ның адам құқығы бойынша кеңесі жұма күні Ұлыбританияның Сириядағы Алеппо қаласында болған оқиғаларға тәуелсіз тергеу жүргізу туралы ұсынған қарар жобасын қабылдады деп хабарлады Reuters агенттігі.

Құжатта Алепподағы бейбіт тұрғындардың қазасына кінәлілер жауапкершілікке тартылуы тиіс делінген.

БҰҰ-ның адам құқығы бойынша кеңесі жанжалға қатысушы тараптарды әскери іс-қимылды тоқтатып, БҰҰ агенттіктері қалаға гуманитарлық жәрдем жеткізуі үшін жол ашуға шақырған.

Қарарды БҰҰ-ның адам құқығы бойынша кеңесінің 24 мүшесі қолдаған. Арасында Ресей бар жеті ел қарсы дауыс берген. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарынан өзгешелігі сол, БҰҰ-ның адам құқығы бойынша кеңесі қарарының орындауды міндеттейтін заңды күші жоқ.

Жұма күні БҰҰ-ның адам құқығы бойынша жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хуссейн Алепподағы жағдайды тексеру үшін Халықаралық қылмыстық сотқа жүгінуге шақырған.

XS
SM
MD
LG