Accessibility links

Ресейдегі тікұшақ апатында екі қазақстандық қаза тапқаны хабарланды


Ми-8 тікұшағы. (Көрнекі сурет.)
Ми-8 тікұшағы. (Көрнекі сурет.)

Ресейде жұма күні болған тікұшақ апатынан қаза тапқан 19 адамның екеуі Қазақстан азаматтары. Бұл туралы бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап Tengrinews агенттігі хабарлады.

Жайнақовтың сөзінше, Ресейдегі «Спецстрой» жауапкершілігі шектеулі кәсіпорында жұмыс істеген екі қазақстандықтың бірі Солтүстік Қазақстан облысының, екіншісі - Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары.

Қазақстандық дипломаттар марқұмдардың сүйектерін Қазақстанға жеткізу мәселесімен айналысып жатыр деп хабарланды.

Ресейдің Ямал-Ненец автономиялық округіндегі Уренгой кенті маңында жұма күні кешкісін бортында 3 экипаж мүшесі мен 19 жолаушысы бар Ми-8 тікұшағы құлаған. Апат салдарынан тікұшақтағы 19 адам мерт болып, зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілген.

Тікұшақ Красноярск аймағындағы Сузум кенішінен Уренгой кентіне жұмысшыларды әкеле жатқанда апатқа ұшыраған.

XS
SM
MD
LG