Accessibility links

Ресей түрмесіндегі Олег Сенцовты айып камерасына ауыстырған


Олег Сенцов сот залында. Ростов қаласы, Ресей, тамыз, 2015 жыл.
Олег Сенцов сот залында. Ростов қаласы, Ресей, тамыз, 2015 жыл.

Ресейде терроризм айыбымен ұзақ мерзімге сотталып, түрмеде жазасын өтеп жатқан украиналық режиссер Олег Сенцовты 15 тәулікке айыптау камерасына (ШИЗО) ауыстырғаны туралы сенбі күні тұтқынның туысы Наталья Каплан хабарлаған.

Түрме әкімшілігінің не себепті мұндай шешім қабылдағаны белгісіз. Содан бір күн бұрын Ресей билігі Олег Сенцов пен сол іс бойынша сотталған тағы бір украиналық азамат Александр Кольченконы Украинаға беруден бас тартқан. Оның себебін Ресей әділет министрлігі сотталған бұл екі адам Қырым аннексиясынан кейін автоматты түрде Ресей азаматтығын алған болып саналады деп түсіндірген. Олег Сенцов Ресей азаматы емес екенін айтады.

2015 жылғы тамызда Ресейдің Дондағы Ростов қаласында сот Олег Сенцовты 20 жылға, Александр Кольченконы - 10 жылға бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарған. Тергеушілер екеуіне Ресей аннексиялап алған Қырымдағы «Единая Россия» партиясы және «Русская община Крыма» ұйымының кеңселерін өртеуді ұйымдастырған деген айып таққан. Сенцов пен Кольченко өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды.

XS
SM
MD
LG