Ресейдің Омбы облысындағы Калачинск қаласында полиция қызметкерлері жергілікті ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің бірінің туған күн кешінде өзара жаппай төбелескен. Бұл туралы «Омск-информ» басылымы хабарлайды. Ақпаратта жаппай төбелеске 60-ға жуық құқық қызметкерлері қатысып, туған күн кешіне жиналған асханадағы ыдыс-аяқ пен жихазды қиратқаны айтылған.
Жаппай төбелесті тоқтату үшін полицейлердің өздері кезекшілікте жүрген өзге әріптестерін оқиға орнына шақырған. Төбелестің неден шыққаны белігісіз. Омбы полициясы бұл оқиғаны тексеріп жатыр деп хабарланды.