Accessibility links

Франциядағы лагерде мигранттар мен полиция қақтығысқан


Босқындар лагерінде көрпе-жастығын құшақтап кетіп бара жатқан мигрант. Кале, Франция, 7 наурыз 2016 жыл.
Босқындар лагерінде көрпе-жастығын құшақтап кетіп бара жатқан мигрант. Кале, Франция, 7 наурыз 2016 жыл.

Францияның Кале қаласындағы босқындарға арналған лагерде полиция мен мигранттар арасында қақтығыс болған деп хабарлады ВВС. Француз билігі ертең жаппақ болып отырған лагерьде бірнеше ондаған мигрант құқық қызметкерлеріне тас пен бөтелке лақтырған. Полиция оларды жуасыту үшін арнайы құралдар қолданған.

Каледегі лагерде Африка мен Таяу Шығыс елдерінен барған, Евротоннель арқылы Ұлыбританияға өтпекші болған 9 мыңға жуық заңсыз мигрант тұрып жатыр. Қыркүйек айында Франция президенті Франсуа Олланд жыл соңына дейін бұл лагерь бұзылады деп хабарлаған.

Жергілікті билік лагердің бұзылатыны туралы ескерту жазылған мыңдаған үнпарақ таратқан. Мигранттарды елдің әр түкпіріне жібермек, олар сонда биліктен өздеріне баспана беруді сұрап өтініш бере алады деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG