Accessibility links

Пәкістанда полиция академиясына шабуылдан 44 адам қаза тапты


Кветта маңындағы полиция академиясына шабуыл кезінде жүрген қауіпсіздік күштері. Белуджистан, Пәкістан, 24 қазан 2016 жыл.
Кветта маңындағы полиция академиясына шабуыл кезінде жүрген қауіпсіздік күштері. Белуджистан, Пәкістан, 24 қазан 2016 жыл.

Пәкістанның оңтүстік-шығысындағы Белуджистан провинциясында содырлардың полиция академиясына шабуылынан кем дегенде 44 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланды. Белуджистан билігінің мәліметінше, провинция орталығы Кветта маңындағы академияның шабуылдан жараланған ондаған кадеті ауруханаға түскен. Шабуыл 25 қазанға қараған түні жасалған.

Шабуылдағандар жатақханаға басып кірмек болып күзетшілерді атып, бомба жарған. Биліктің хабарлауынша, шабуылды бес әлде алты адам жасаған. Провинция ішкі істер министрінің мәлімдеуіне қарағанда, академияның 700 студентінің 200-і "Алланың қалауымен" дереу құтқарылған. Арнайы операция барысында шабуылдаушылардың бірінің көзі жойылып, екеуі денелеріне байлаған бомбаларын жарып мерт болған.

Әзірге шабуыл жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ шабуылдан кейін террорға қарсы операцияны басқарған генерал Шер Афган содырлардың Пәкістандағы "Талибанмен" байланысы бар "Әл-Алими" тобынан екенін мәлімдеді.

Полиция академиясына бұған дейін екі рет - 2006 және 2008 жылдары шабуыл жасалған.

XS
SM
MD
LG