Accessibility links

Полиция: Алматыда банк күзетшісіне шабуыл жасалды


"ЦентрКредит Банктің" Алматыдағы Мәншүк Мәметова көшесі 67 үйде орналасқан бөлімшесі. 25 қазан 2016 жыл.
"ЦентрКредит Банктің" Алматыдағы Мәншүк Мәметова көшесі 67 үйде орналасқан бөлімшесі. 25 қазан 2016 жыл.

Алматыда бүгін таңертең "Центркредит" банкінің бөлімшелерінің бірінде белгісіз екі ер адам банк күзетшісіне шабуылдап, қаруын тартып алып кетті деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

ІІД мәліметінше, шабуыл жасалғаны туралы хабар таңертеңгі сағат 8:10-да түскен. Қазір қалада "Сирена" арнайы жоспары жарияланып, шабуыл жасағандарды іздеу және ұстау жедел шаралары жасалып жатыр.

ІІД баспасөз қызметі Азаттыққа шабуыл банктің қай бөлімшесіне жасалғаны туралы ақпарат бермеді. Банктің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ақпарат даярланып жатқанын айтып, телефон арқылы мәлімет беруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG