Accessibility links

Атырауда Боқаев пен Аянды қолдаған екі белсендіні полиция алып кетті


Атырау қалалық №2 соты.
Атырау қалалық №2 соты.

Бүгін Атырауда жергілікті белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды қолдап жүрген бастамашыл топтың мүшелері Шаттық Тажкенова мен "Қадір-қасиет" қоғамдық ұйымының мүшесі Елена Семенова №2 сот ғимараты алдында пикетке шықты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, пикетке алдымен шыққан Тажкенованың қолында "Қазақстандағы Еркін жиналыстарға мүмкіндік берілсін! Макс Боқаев пен Талғат Аянға бостандық" деген жазу жазылған плакат болды. Сот ғимаратынан жүгіріп шыққан полиция қызметкерлері оның плакатты жинауын талап етті.

Оның соңынан Сименова да пикетке шығып, Боқаев пен Аянның бейбіт шеруге шыққанын, заң бойынша бейбіт жиын, шеруге рұқсат етілгенін айтып, белсенділерді босатуды сұрады.

- Мен сотты Facebook-тегі тікелей жүргізуден қарап отырмын. Боқаев пен Аянға бостандық берілуін талап етемін! Осы уақытқа дейін неге олардың сотқа айтып жатқан өтініштерін орындамай отыр? - деді Тажкенова Азаттыққа.

Пикетке шыққан Шаттық Тажкенова мен оны атырауға қолдау көрсетуге келген Елена Семенованы қалалық ішкі істер басқармасына алып кетті.

Атырауда Боқаев пен Аянның үстінен 12 қазанда басталған сот тыңдауы бүгін де жалғасты.

XS
SM
MD
LG