Accessibility links

Астанада 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының маңызын талқылап жатыр


1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының маңызын талдауға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар. Астана, 25 қазан 2016 жыл.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының маңызын талдауға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар. Астана, 25 қазан 2016 жыл.

Астанада «Қазақстандағы Желтоқсан (1986) көтерілісінің тарихи және халықаралық маңызы» деп аталатын халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Конференцияға қатысуға Қырғызстан, Әзербайжан, Польша, Ресей, Моңғолия, Түркия сияқты елдерден тарихшы ғалымдар, Қазақстан парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, Желтоқсан оқиғасына қатысқандар келді. Конференцияға қатысқан ғалымдар желтоқсан көтерілісінің тарихи, саяси, қоғамдық және мәдени маңызына қатысты түрлі тақырыптарда баяндамалар жасап жатыр.

Польшалық ғалым Владыслав Соколовский желтоқсан көтерілісінің Польша ақпарат құралдарында екі түрлі қырынан хабарланғанын айтты. Оның сөзінше, Польшаның оппозицияшыл топтары Желтоқсан оқиғасына қолдау көрсетіп, Қайрат Рысқұлбековке арналған астыртын марка шығарған. Польша оппозициясы сонымен қатар халықаралық ұйымдарға Рысқұлбековті өлім жазасына кеспеуге ықпал етуді сұрап хат жолдағанын айтты. Ал ресми баспасөзде Желтоқсан оқиғасы "бұзақылық" деп сипатталған.

Мәмбет Қойгелді Желтоқсан оқиғасы мен Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің "мақсат-мүддесі үндес, ортақ" деген пікір айтты.

Әзербайжандық ғалымдар Желтоқсан оқиғасын "нағыз көтеріліс, Совет одағын құлатуға деген алғашқы талпыныс, қарсылық көрінісі" деп атады.

XS
SM
MD
LG