Accessibility links

Венгрия Ресей елшісін телеарна мәлімдемесіне қатысты түсінік беруге шақыртты


Венгриядағы 1956 жылғы көтеріліс.
Венгриядағы 1956 жылғы көтеріліс.

Венгрия билігі Ресей елшісін Ресейдің мемлекеттік телеарнасында 1956 жылғы антисоветтік көтеріліс туралы жағымсыз комментарийлерге қатысты түсінік беру үшін шақыртып алды. "Біз 1956 жылғы көтеріліс пен оның батырлары туралы қорлап, кемсітетін пікірлерге төзе алмайтынымызды білдіргіміз келеді" делінген Венгрия сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Ресейдің мемлекеттік телеарнасы 1956 жылғы совет билігіне қарсы көтерілісті "түрмедегі бұрынғы нацистер бостандыққа шығарылған бүлік" деп атаған. Телеарна сонымен қатар көтерілістің артында Батыс елдері тұрды деген болжам білдірген.

23 қазанда Венгрияда көтерілістің 60 жылдығына арналған ауқымды шаралар өткен. Көтерілісті совет әскері қатаң басып-жаныштап, оның салдарынан 2500-ден астам бейбіт тұрғын мен 700 сарбаз қаза тапқан. 200 мыңға жуық тұрғын елден кетіп қалған.

XS
SM
MD
LG