Accessibility links

Назарбаевтың Сауд Арабиясына сапарында 60 миллиард теңгенің келісімі жасалды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдел Азиз Әл Саудпен кездесіп отыр. Эр-Рияд, 25 қазан 2016 жыл (Сурет Ақорданың ресми сайтынан алынды).
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдел Азиз Әл Саудпен кездесіп отыр. Эр-Рияд, 25 қазан 2016 жыл (Сурет Ақорданың ресми сайтынан алынды).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясына ресми сапары барысында жалпы құны 60 миллиард теңгеден асатын 10-нан астам келісімге қол қойылды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Келісімдер энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауылшаруашылығы мен сауда салаларында жасалған.

Назарбаевтың Эр-Риядта сапарды қорытындылаған брифингте айтуына қарағанда, қазір Қазақстанда Сауд Арабиясымен бірлескен 17 кәсіпорын жұмыс істейді. Назарбаев сонымен қатар екі ел арасындағы тауар айналымын жақсартуға логистикалық қиындықтар кедергі келтіретінін де айтты. Осыған байланысты екі ел үкіметаралық комиссия, экономиканың әр саласы бойынша жұмысшы тобын құруға келісті. Екі жақ Қазақстандағы бірлескен жобаларды қаржыландыру үшін ортақ инвестициялық қор құру туралы уағдаластық жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясында осы ел королі Салман бен Абдел Әзиз әл Саудпен, Сауд Арабиясының заң шығарушы органы - Меджлис аш-Шура басшысы Абдулла Ибн Мұхаммед Әл-Шейхпен және осы елдің іскер топтарының өкілдерімен кездесті.

XS
SM
MD
LG