Accessibility links

Депутат Сергей Дьяченко қайтыс болды


Парламент мәжілісі, Астана (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісі, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченко науқастанып қайтыс болды. Бұл жайында бүгін мәжілістің пленарлық отырысында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, 64 жастағы Сергей Дьяченко бүгін таңертең ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмған.

Депутаттар жиында Дьяченконы бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сергей Дьяченко 1999 жылдан бері екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің депутаты, мәжіліс төрағасының орынбасары болған. Ол 2010-2012 жылдары Ақмола облысының әкімі қызметін атқарған. Сергей Дьяченко биыл наурызда сайланған алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінде экономикалық реформалар және аймақтық даму комитетінің мүшесі болған.

XS
SM
MD
LG