Accessibility links

Боқаев пен Аянды қолдайтындар "қысым жасалып жатыр" деп шағымданды


Әсел Нұрғазиева мен Ғалым Ағелеуов баспасөз конференциясында өздеріне қысым жасалатынын айтып отыр. Астана, 26 қазан 2016 жыл.
Әсел Нұрғазиева мен Ғалым Ағелеуов баспасөз конференциясында өздеріне қысым жасалатынын айтып отыр. Астана, 26 қазан 2016 жыл.

Астанада бүгін атыраулық азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды қолдау тобының өкілдері баспасөз конференциясын өткізіп, өздеріне қысым мен қоқан-лоқы жасалып жатқанын мәлімдеді.

Азаматтық белсенді Әсел Нұрғазиеваның сөзіне қарағанда, қазір "атыраулық белсенділердің барлығына қатты қысым жасалып жатыр". Нұрғазиева бастамашыл топтың 15-ке жуық белсендісі қауіпсіздіктеріне алаңдайтынын айтады.

- Алдыңғы күні Ринат Рафхатты үйінің алдында соққыға жығып, бұдан былай Макс пен Талғатты қолдамауды ескертіп кетті. Көптеген белсенділерге, соның ішінде менің өзіме қатысты да осындай жайттар болып жатыр, - деді Әсел Нұрғазиева.

Азаматтық белсенді Ғалым Ағелеуов Боқаев пен Аянды қолдайтындардың бір бөлігі қазір ашық сұхбат беруге қорқатынын, себебі бұдан соң оларға қоқан-лоққы көрсетіле бастайтынын айтты.

Биыл Атырауда үкіметтің жер реформасына қарсы бірінші рет ауқымды митинг өтті. Түрлі есеп бойынша, оған 700-ден бірнеше мыңға дейін адам қатысты. Тергеушілер митингіні Макс Боқаев пен Талғат Аян ұйымдастырған дейді. Боқаев пен Аянды биыл мамырда ұстап, қазанда олардың үстінен "алауыздық тудырды", "көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты" және "митингіні ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзды" деген айыптар бойынша сот басталды. Боқаев пен Аян өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды. Олар соттың "тек айыптау мәнерінде өтіп жатқанына" қарсылық білдіріп, оның шешімін "алдын ала шығып қойған" деп санайды.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG