"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясына қарасты «Северная трува» кенішіндегі жұмысшылар қонысынан 25 қазан күні екі адамның мәйіті табылды. Компания баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, тағы бір жұмысшы ауруханаға түскен. Марқұмдардың екеуі де "СНПС-Ақтөбемұнайгаздың" қызметкерлері.
"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясы мұнай-газ кенішіндегі жұмысшылар өлімі "өндірістік жарақаттан болмаған" дейді. Баспасөз қызметі үш жұмысшысын "сапасыз ішімдіктен уланған болуы мүмкін" деп жорамалдайды.
Қазір оқиға орнында кешенді тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл оқиға Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінде тіркелмеген.