Accessibility links

"Левада-Центрге" "шетел агенті" деп тіркелмегені үшін айыппұл салынды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Мәскеу соты "Левада-Центр" тәуелсіз зерттеу ұйымына "шетел агенті" ретінде қайта тіркеуден өтуден бас тартқаны үшін 300 мың рубль (шамамен 4800 АҚШ доллары) айыппұл салды. Ұйым жетекшісі Лев Гудков сот шешіміне шағымданатынын хабарлады. Қыркүйекте Ресей әділет министрлігі "Левада-Центрді" "шетел агенті" деп танылған ұйымдар тізіміне қосқан.

"Левада-Центр" - қоғамдық пікірді талдау және зерттеу қызметімен айналысатын үкіметтік емес ірі ұйымдардың (ҮЕҰ) бірі. ҮЕҰ-ға айыппұл 2012 жылы қабылданған заң бойынша салынды. Ол заңға сай, шетелден қаржы алатын және саяси қызметпен айналысатын барлық ҮЕҰ "шетел агенті" ретінде қайта тіркеуден өтуі тиіс. Құқық қорғау ұйымдары бұл заңның мақсаты - билікке қарсы ой-пікірді тұншықтыру деп санайды.

XS
SM
MD
LG