Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесіп, екі жақты қарым-қатынасты талқылады.
Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьерлер кездесуде өнеркәсіп, энергетика, сауда және экономика салаларындағы ынтымақтастықты талқылаған.
Кездесуде сонымен қатар 27-28 қазанда Минскіде өтетін ТМД елдері үкімет басшыларының кеңесі мен Еуразия үкіметаралық кеңесінде көтерілетін мәселелер де қарастырылған.