Accessibility links

Астанада антитеррорлық жаттығу өтіп жатыр


Полиция микроавтобустары (Көрнекі сурет).
Полиция микроавтобустары (Көрнекі сурет).

Астана полициясы қалада терроризм актісінің алдын алу және оның салдарын жою жөніндегі жаттығу өткізіп жатыр деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Ішкі істер департаменті (ІІД) жаттығу мақсаты - жергілікті жедел штабтың тапсырылған міндетті орындауға дайындығын тексеру деп атайды.

Полиция ақпаратына қарағанда, жаттығу түрлі күрделі элементтерді қолдану арқылы әскери жағдайға барынша ұқсатылған. ІІД Астана тұрғындарын дүрлікпеуге, сабырлық танытуға шақырады.

Астанада соңғы аптада осымен екінші рет "антитеррорлық жаттығу" өтіп жатыр. 21 қазан - өткен жұма күні де антитеррорлық жаттығу өткені хабарлаған.

Қазақстанда маусым айынан бері террористік қауіп-қатердің "сары деңгейі" жарияланып, күшінде тұр. Ол маусымның басында Ақтөбеде болған қарулы шабуылдардан кейін жарияланған. Билік ол шабуылдарды теракт деп атайды.

XS
SM
MD
LG