АҚШ президенттігіне Республикашыл партиядан кандидат Дональд Трамп бұрынғы президент Билл Клинтонның атына оның отбасылық қорымен байланысты тиісе сөйледі. Бұған Демократиялық партиядан кандидат Хиллари Клинтонның сайлауалды штабы басшысының жаңа электрондық жолдау хатының жариялануы себеп болды.
Огайода сайлауалды митингіде сөйлеген Трамп электрондық хаттар ерлі-зайыпты Клинтондардың қайырымдылық қорының коррупциялық қитұрқылықтарға қатысы барын айғақтауы мүмкін деп мәлімдеді. WikiLeaks-те жарияланған жолдау Клинтонның сайлауалды кампаниясының төрағасы Джон Подестаның электрондық почтасынан ұрланған.
Хиллари Клинтонның өзіне президент Барак Обама мен оның зайыбы Мишель Обама Солтүстік Каролинадағы митингіде тағы қолдау білдірді. "Егер Хиллари бұл сайлауда жеңбесе, онда ол біздің кінәміз болады" деді Обама.
Қоғамдық пікірге жасалған талдауға қарағанда, Хиллари Клинтон сайлауалды бәсекесінде кәдімгідей алда тұр.