Accessibility links

Жақсыбеков: Мемлекеттік органдарда кадрлар көп тұрақтамай тұр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков мемлекеттік органдарда кадрлардың қызметте тұрақтамау мәселесі барын айтып, министрліктердегі штат санын қысқартуды ұсынды. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Жақсыбеков бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және коррупцияға қарсы күрес агенттігінің жиынында айтты.

"Көптеген қызмет орындары ұзақ уақыт бойы бос тұра береді. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша, қаржы министрлігінде 970 қызмет бос тұр. Ұлттық экономика министрлігінде 900-ден астам, ауылшаруашылығы министрлігінде 280-нен астам жұмыс орны бос тұр" деген Әділбек Жақсыбеков.

Оның сөзіне қарағанда, жұмыс орнының ұзақ уақыт бос тұруы мемлекеттік қызмет аппаратының тұрақтылығына кері әсер етіп, басқа қызметкерлерге артық жүктеме болады және жұмыс сапасына теріс ықпалын тигізеді.

Жақсыбековтің пікірінше, бос жұмыс орындарының неге осыншалықты көп екенін талдап, тіпті министрліктерде штат санын қысқарту мәселесін көтеру керек. Ол мемлекеттік қызметкерлердің А корпусында резервте 150-ге тарта адам бола тұра 16 лауазымды қызметтің ұзақ уақыт бойы бос тұрғанын айтып, агенттікті мемлекеттік органдармен жүйелі жұмыс істемейді деп сынаған.

XS
SM
MD
LG