Accessibility links

Сот Боқаев пен Аянды қолдаған белсенді Берсалимовты қамаудан босатпады


Алматы қалалық соты (Көрнекі сурет).
Алматы қалалық соты (Көрнекі сурет).

Алматы сотының апелляциялық алқасы өткен аптада Алматыда атыраулық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды қолдап акция өткізбек болғанда ұсталған белсенділердің бірі Асхат Берсалимовті де қамауда қалдырды.

23 қазанда Алматының әкімшілік соты Асхат Берсалимов пен өзге екі белсенді - Сүйіндік Алдабергенов және Құрал Медеуовті бейбіт жиын ұйымдастыру мен өткізудің тәртібін бұзды деген айыппен он тәулікке қамау шешімін шығарған. Екі адамға ескерту берілген.

Берсалимовтің сот шешіміне апелляциялық шағымы 27 қазанда қаралған. Бұдан бір күн бұрын апелляциялық сот белсенді Сүйіндік Алдабергеновті де қамауда қалдырған.

Азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян сәуірдің 24-і күні Атырауда өткен жер реформасына қарсылық митингісінен соң қамауға алынған. Олардың үстінен «заңсыз митинг ұйымдастырған» және «араздық қоздырған» деген айыптар бойынша қозғалған қылмыстық іс қазір Атырау сотында қаралып жатыр. Белсенділер өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды.

XS
SM
MD
LG