Әзербайжан билігі қауіпсіздік күштері елде жүргізілген арнайы операциялар барысында терроризмге күдікті екі адамның көзін жойғанын мәлімдеді.
Операция соңғы екі күнде "елдің түрлі ауданында" болған және ол "Кавказ жамағаты" деп танылған "радикалдық қылмыстық топтың" мүшелерін ұстау үшін жүргізілген.
Биліктің мәліметінше, күдікті бір "террорист" ұсталған. Оның қай ауданда ұсталғаны, күдіктілердің көзі қашан және қайда жойылғаны айтылмайды.
Ақпан айында Әзербайжан Сирия мен Иракқа "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының қатарында соғысуға бармақ болды деген күдікпен сегіз адамның ұсталғанын хабарлаған.