Accessibility links

БҰҰ: «Ислам мемлекеті» тобы Иракта 232 адамды өлтірген


Күрдтердің «Пешмерга» қарулы жасағының сарбазы Мосулға маңында. Ирак, 27 қазан 2016 жыл.
Күрдтердің «Пешмерга» қарулы жасағының сарбазы Мосулға маңында. Ирак, 27 қазан 2016 жыл.

БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Зейд әл-Хусейн Ирактағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы өздері бақылауда ұстап отырған Мосул қаласында кемінде 232 адамды өлтірген деп мәлімдеді.

Жихадшылар Ирак армиясы мен күрд қарулы жасақтарының Мосулға шабуылы кезінде «тірі қалқан» етіп пайдалану үшін қалаға мыңдаған адамды жинап жатыр деп хабарлаған БҰҰ адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары басқармасының баспасөз хатшысы Равина Шамдасани жұма күні Женевада.

Шамдасанидің сөзінше, ИМ содырлары қазанның 19-ы күні 232 адамды өлтірген, олардың 190-ы бұрын Ирак үкіметінің қауіпсіздік күштері құрамында болғандар. Ол қаза тапқандар саны бұдан әлдеқайда көп болуы ықтимал екенін айтқан.

Кеше АҚШ бригада генералы Мэттью Ислер өткен аптада АҚШ-тың қолдауымен шабуылды бастаған Ирак әскері Мосул қаласы төңірегіндегі 40-қа жуық елді мекенді бақылауына алғаны туралы айтқан. Ол сонымен бірге АҚШ бастаған халықаралық коалиция Мосулға қарсы шабуылға қолдау таныту үшін әуеден соққы беруге кіріскенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG