Accessibility links

Ресей президентінің Алеппоға әуе соққысын жалғастырудан бас тартқаны хабарланды


Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 27 қазан 2016 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 27 қазан 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин елдің әскери-ғарыш күштерінің Сириядағы Алеппо қаласына соққы беруді жалғастыруы орынсыз деп санайды. Бұл туралы жұма күні Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Қазанның 28-і күні Ресей қорғаныс министрлігі ел президентіне Алеппоға әуе шабуылын қайта жалғастыру жөнінде өтініш білдіргені туралы хабарланған. Ол жайында Ресей қарулы күштері бас штабының бас жедел басқармасы бастығы Сергей Рудской айтқан. Оның сөзінше, Сириядағы қарулы оппозиция Башар Асад үкіметінің әскеріне қарсы соғысуды қайта бастаған.

XS
SM
MD
LG