Accessibility links

БАҚ: Интерпол Ходорковскийге іздеу жариялау мәселесін қайта қарайды


Михаил Ходорковский.
Михаил Ходорковский.

Интерпол Ресейдің Нефтеюганск қаласы мэрін өлтіру ісі бойынша ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковскийге халықаралық іздеу жариялау туралы мәселені қайта қарамақшы. Бұл туралы сенбі күні аты-жөні аталмаған ақпарат көзіне сілтеме жасап Интерфакс агенттігі хабарлады.

Агенттік сөйлескен адамның сөзіне қарағанда, Ресей тарабының талабы бойынша, халықаралық полиция ұйымы қарашаның ортасына белгіленген отырысында бұл мәселеге қайта оралмақ.

2016 жылғы ақпанның ортасында Ресей билігі 1998 жылы қастандықпен өлтірілген Нефтеюганск мэрі Владимир Петуховтың қазасына қатысты іс бойынша Михаил Ходорковскийге халықаралық іздеу жариялаған. Интерпол Мәскеудің талабы ұйымның ережесіне сай келмейді деген уәжбен Ресейдің сұрауын қабылдамай тастаған.

XS
SM
MD
LG