Accessibility links

Молдова президентін алғаш рет төте дауыс беру жолымен сайлап жатыр


Молдова президенттігіне кандидаттар (солдан оңға): Юрий Лянке, Майя Санду және Игорь Додон.
Молдова президенттігіне кандидаттар (солдан оңға): Юрий Лянке, Майя Санду және Игорь Додон.

Молдовада бүгін соңғы 20 жылда алғаш рет төте дауыс беру жолымен президент сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлау Еуропа Одағымен тығыз қарым-қатынасты қалайтындар мен Ресейге жақын болуды жақтаушылар арасындағы саяси күрес ретінде өрбіді.

Қоғамдық пікір зерттеу нәтижесі бойынша, сайлау науқанында социалист Игорь Додон алда келеді. Бірақ, оның алғашқы турда жеңіске жетуі неғайбыл деген болжам айтылады. Мамандығы бойынша экономист Додонның бүйрегі Мәскеуге бұрады.

Бұрынғы білім министрі, әрекет және ынтымақтастық партиясының жетекшісі Майя Санду Еуропамен интеграцияны қолдайтындарға арқа сүйейді. Санду Молдованың болашағын Кишинев пен Брюссель арасында 2014 жылы жасалған Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге сүйеніп құрғысы келетінін айтады. Ол келісімге Ресей қарсы болған.

Қазанның 28-і күні өткен діни уағыз кезінде Додонға қолдау білдірген. Бақылаушылар шіркеу мұндай деңгейдегі саясатқа алғаш рет араласып отыр дейді. Молдова православ шіркеуі мен Румын православ шіркеуі арасында ел тұрғындарына ықпал етуге байланысты бақталастық бар. Бұл жағдай Молдова қоғамында тіл, этникалық және мәдени ерекшеліктер бойынша бөлінуге әсер етеді.

Молдованың орыстілді жікшіл аймағы Преднестровьеде Ресейдің мыңдаған әскери қызметкері бар. Олар кезінде қысқа уақытқа созылып, мыңға жуық адам қаза тапқан қарулы жанжалдан соң орналастырылған. Ресей ол әскерилерін «бітімгерлер» деп санайды.

XS
SM
MD
LG