Accessibility links

Құқыққорғаушылар Алеппода ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлады


Алеппода жүрген Сирияның үкімет әскері.25 қазан 2016 жыл.
Алеппода жүрген Сирияның үкімет әскері.25 қазан 2016 жыл.

Сирияның Алеппо қаласында қарулы оппозицияның үкімет әскеріне қарсы шабуылы салдарынан 40-қа жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан. Бұл туралы бүгін адам құқығының сақталуына мониторинг жүргізетін сириялық орталық хабарлады.

Бұған дейін сенбі күні Сирия президенті Башар Асадты қолдайтындар оппозицияны «химиялық қару қолданды» деп айыптаған. Көтерілісшілер ондай айыптауды жоққа шығарған.

Сирия оппозициясы Алеппоға шабуылды қазанның 28-і күні бастаған. Көтерілісшілер қаланың шығыс бөлігіндегі үкімет әскерінің қоршауын бұзуға тырысып жатыр. Алеппо қаласының кей аудандарын Асад күштері, енді бір бөліктерін көтерілісшілер бақылауда ұстап отыр. Үкімет армиясы көтерілісшілер бекінген аудандарға ресейлік әскери ұшақтардың қолдауымен соққылар беріп жатыр.

XS
SM
MD
LG