Accessibility links

Алматыда банк кеңселері жанында "қарақшылық шабуыл" жасалды


Алматы полициясы (Көрнекі сурет).
Алматы полициясы (Көрнекі сурет).

Алматыда бүгін Тимирязев көшесінің бойында - Марков пен Байтұрсынов көшелері аралығында екі ер адамға қарулы шабуыл жасалды. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, қару ұстаған белгісіз адамдар банктен ақша алып шықты делінген екі адамның біренен сөмкесін тартып алмақ болған.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ақпаратына қарағанда, Тимириязев көшесінің бойында болған қарақшылық шабуыл бойынша "қарақшылық" бабымен қылмыстық іс қозғалған. ІІД шабуылды қанша адам жасағаны туралы ақпарат бермеді.

Қазір арнайы жедел тергеу тобы құрылып, шабуылдағандарды анықтау және ұстау үшін жедел және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Оқиға ВТБ банкі мен "Сбербанк" орналасқан ғимарат алдында болған. Оқиғаға куә болғандардың айтуына қарағанда, екі адамның бірі жараланып, жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

25 қазанда Алматыда "ЦентрКредит Банктің" Мәншүк Мәметова көшесіндегі бөлімшесінде белгісіз адамдар күзетшіні соққыға жығып, травмитикалық қаруын тартып алып кеткен. Шабуылдан күзетші жеңіл жараланған. Полиция ол оқиға бойынша да "қарақшылық шабуыл" бабымен іс қозғаған. Әзірге қылмыскерлердің ұсталғаны туралы хабарланбады.

XS
SM
MD
LG