Accessibility links

Министрлік: Қазақстанда биыл 23,6 миллион тонна астық жиналды


Ақмола облысындағы астық жинап жинап жүрген техникалар (Көрнекі сурет).
Ақмола облысындағы астық жинап жинап жүрген техникалар (Көрнекі сурет).

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, биыл елде 23 миллион 667 мың тоннадан астам астық бастырылды. Министрліктің 31 қазанда таратқан мәліметіне қарағанда, биыл бір гектар алқаптан орташа есеппен 15,4 центнер астық жиналған. 2015 жылы Қазақстанда 19 миллион 788 мың тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 13,4 центнерден болған еді.

Ресми дерекке сәйкес, биыл Қазақстанда жалпы көлемі 15 миллион 351,1 мың гектар егістік алқабынан астық жиналған.

Қазақстанда егістік алқаптары ең көп өңірлер – Ақмола облысы (4 миллион 328,7 гектар), Қостанай облысы (4 миллион 215 мың гектар) және Солтүстік Қазақстан облысы (3 миллион 217,7 мың гектар).

XS
SM
MD
LG