Accessibility links

Қырғызстанда "Заман Кыргызстан" газеті қызметін тоқтатты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда 24 жыл жұмыс істеген халықаралық "Заман Кыргызстан" газеті қызметін тоқтатты деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Газет қазан айында басылып шықпаған.

Қазір басылым қызметкерлерінің барлығы кетіп, редакцияда жалғыз журналист әрі дизайнер ғана қалған.

"Заман Кыргызстан" газеті Қырғызстанда Түркияның Zaman халықаралық газетінің бөлімшесі ретінде 1992 жылдан бері басылып келген.

Сарапшылар "Заман Кыргызстан" ақпаратты шынайы түрде тарататын және халықаралық журналистика талаптарын сақтайтын қырғыз тіліндегі іс жүзінде жалғыз газет болған дейді.

XS
SM
MD
LG