Accessibility links

Министрлік: 90 теміржол станциясының атауы өзгеріп, жаңарды


Маңғыстау облысы аумағындағы Ақжігіт теміржол станциясы (Көрнекі сурет).
Маңғыстау облысы аумағындағы Ақжігіт теміржол станциясы (Көрнекі сурет).

Қазақстан үкіметі елдегі 90 теміржол станциясының атауын өзгертіп, жаңартты. Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтында бүгін жарияланған ақпаратқа қарағанда, станциялардың атауын өзгерту 1 қарашада үкімет жанындағы республикалық ономастикалық комиссиясының отырысында қаралып, шешім қабылданған.

Министрлік ақпаратына қарағанда, 87 станцияның атауын өзгертіп, жаңартуды "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы, бесеуінің атауын Алматы облысының Панфилов аудандық әкімдігі ұсынған. Бұлардаң 90-ына қатысты шешім шығарылып, екі станцияның (Пешковка, Глубокое) атауы қайта қарауға жіберілген.

XS
SM
MD
LG