Ұлыбритания жоғарғы соты парламент үкіметтің Еуропа Одағы (ЕО) құрамынан шығу процесін бастауы мәселесін дауысқа салуы тиіс деген шешім шығарды. Бұл - үкімет ЕО-мен одақ құрамынан шығу туралы формалды келіссөз жүргізу үшін Лиссабон келісімінің 50-бабын өз бетімен жоя алмайды деген сөз.
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй ЕО-дан шығу туралы референдум өткендіктен депутаттардың дауыс беруі керек емес дейді. Бірақ елдің ЕО-дан шығуы кампаниясын бастаушылар мұны конституцияға қайшы дейді. Үкімет Жоғарғы сот шешіміне шағымдануы мүмкін.
Тереза Мэй Лиссабон келісімінің 50-бабын келесі жылғы наурыз айының соңына дейін жоятынын айтып, Ұлыбританияның ЕО-дан тезірек шығу ниеті барын білдірген.
Маусымда өткен референдумда сайлаушылардың 51,9 пайызы ЕО-дан шығуды, 48,1 пайызы одақ құрамында қалуды қолдап дауыс берген.
ЕО-ның өзге 27 мемлекеті Ұлыбританияның одақ құрамынан шығу мерзімі кем дегенде екі жылға созылуы мүмкін, келіссөз Лиссабон келісімінің 50-бабы жойылмайынша басталмайтынын білдірген.
BBC-дің саяси мәселелер жөніндегі редакторының көмекшісі Норман Смит егер сот шешімі жойылмаса, онда алдағы бірнеше айда парламент brexit келісөзін бастауға кедергі жасап бауы мүмкін дейді. Бірақ ол сайлаушылардың көпшілігі brexit-ті қолдағандықтан парламент депутаттарының Лиссабон келісімінің 50-бабын жоюды қолдап дауыс беруі мүмкін дейді.