Қырғыз парламентінде КСДП, «Қырғызстан» және «Бір Бол» фракциялары кірген көпшілік коалициясы түзілді. Коалиция үкімет басшысы міндетін атқарушы Сооронбай Жээнбековті премьер-министрлікке ұсынды.
Қырғыз парламентінде алты партия - КСДП (38 мандат), «Республика-Ата-Жұрт» (28), «Қырғызстан» (18), «Онугуу-Прогресс» (13), «Бір Бол» (12) және «Ата Мекен» (11) фракциялары бар.
Қырғызстанда 26 қазанда парламенттегі коалиция тарап кеткен соң ел президенті Алмазбек Атамбаев үкіметті отставкаға жіберген.