Ауғанстанның солтүстігінде әуе шабуылынан кемінде 30 шақты бейбіт тұрғын қаза тауып, ондаған адам жараланды. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Оқиға куәгерлерінің бірі 70-тей адам ауруханаға түскенін айтады.
Бұл оқиғаға наразы ондаған тұрғын көшеге шығып, қарсылық білдірді.
НАТО Кундуздағы әскерін қорғау үшін әуеден шабуыл жасағанын мәлімдеген.