Сербия сыртқы істер министрі Ивица Дачич Белград Ресей бастаған Еуразия экономикалық одағымен (ЕАЭО) кешенді келісөзге қол қоюды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
3 қарашада Ресейдің Суздаль қаласына барған сапарында Дачич Сербияның "ЕАЭО-ның жекелеген елдерімен еркін сауда аймағын құру туралы келісімдер жасасқанын", "бірақ олардың бір-бірінен өзгешелеу екенін" айтты. Ол Белград қазір ЕАЭО-ның барлық еліне ортақ бір келісім жасасуды жоспарлап отырғанын айтты.
Сербия Ресеймен бұрыннан жақын байланыс орнатқанымен, Еуропа Одағы құрамына кіруден де үмітті.
2015 жылы құрылған ЕАЭО-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мүше.