Accessibility links

Назарбаев: Орталық Азияға айтарлықтай террорлық қауіп төніп тұрған жоқ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдері Таяу Шығыстан террористердің келуіне қарсы алдын алу шараларын қолға алып отырғандықтан, аймаққа айтарлықтай қауіп жоқ деп санайды. Ол бұл туралы жапон баспасөз құралдарына берген сұхбатында мәлімдеген деп хабарлайды sputniknews.kz сайты.

Жапон журналистерінің Қазақстандағы террорлық шабуыл оқиғалары және терроризм қаупі туралы сұрағына президент Назарбаев бүгінгі таңда терроризм кез келген елге қауіп төндіретін құбылысқа айналып отырғандықтан, оған қарсы тұруға дайын болу керектігін және «бүкіл әлем болып, әсіресе ірі мемлекеттер күш біріктіре күресуі тиіс» екенін айтқан.

Қазақстан президенті қазіргі кезде Сирия мен Иракта қатты қысымға кезіккен террористердің Ауғанстанға өтіп кетуге бейіл екенін, сол себепті баршаны Ауғанстан мен оның көршілерін не күтіп тұр деген сауал толғандыратынын айтқан. Сонымен бірге Назарбаев Ауғанстанның аймақтағы ең ұзын шекарасы Түркіменстанмен арада екенін, сосын Өзбекстан мен Тәжікстанмен шектесетінін атап өткен.

«Менің білуімше, бұл мемлекеттерде барлығы қалыпты, олар өздерінше шаралар қабылдаған. Бұл аймаққа [террористер – ред.] бұзып-жара өтіп отырған жоқ» деген ол.

Қазақстан президенті қарашаның 6-ы мен 9-ы аралығында Жапонияға ресми сапармен баратыны туралы бұған дейін хабарланған.

XS
SM
MD
LG