Accessibility links

Болгария президенті Ресейді Еуропаны бөлуге әрекеті үшін сөкті


Болгария президенті Росен Плевнелиев.
Болгария президенті Росен Плевнелиев.

2015 жылғы қазанда өткен референдум мен жергілікті сайлау кезінде Болгария орталық сайлау комиссиясына жасалған хакерлік шабуылдарға Ресейдің қатысы болуы мүмкін. Бұл туралы Болгария президенті Росен Плевнелиев мәлімдеген. Оның сөзінше, Мәскеудің іс-әрекеті Еуропада тұрақсыздық туғызуға бағытталған.

ВВС-дің хабарлауынша, Плевнелиев АҚШ демократиялық партиясының сайтына жасалған шабуылға қатысы бар делінетін Fancy Bear хакерлік тобынан күдіктенеді.

Қарашаның 6-сы күні Болгарияда президент сайлауы өтпекші.

Қазан айының басында АҚШ үкіметі елдегі президент сайлауы науқаны кезінде демократиялық партияға жасалған хакерлік шабуылдарға байланысты Ресейді айыптаған. Вашингтондағылардың түсіндіруінше, әңгіме DCLeaks және WikiLeaks сайттарында жарияланған америкалық саясаткерлердің электрондық хаттары жайлы болып отыр. Мәскеу өзіне тағылған айыпты жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG