Алматы облысының Саз теміржол станциясында бүгін таңғы сағат 5 шамасында жүй пойызының 9 вагоны рельстен шығып кетіп, бірнеше жолаушылар пойызы бөгелді.
"Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының хабарлауынша, Алматы ағаш тиеп келе жатқан №2851 жүк пойызы рельстен шығып кетіп, салдарынан сегіз жолаушылар пойызы бөгелген. Төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
Қазір пойыздар қозғалысын қалпына келтіру жұсысы жасалып жатыр.
Оқиға себебін анықтайтын комиссия құрылған.