Accessibility links

Швеция: Джулиан Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінде тергеледі


Джулиан Ассанж, WikiLeaks сайтының негізін салушы.
Джулиан Ассанж, WikiLeaks сайтының негізін салушы.

Швеция прокуратурасы WikiLeaks сайтының негізін салушы Джулиан Ассанж 14 қарашада Лондондағы Эквадор елшілігінде жыныстық зорлау айыбы бойынша тергелетінін хабарлады.

"Эквадор Швецияның қылмыстық іс бойынша заңдық көмек көрсету туралы өтінішін мақұлдады. Енді Ассанжды Эквадор прокуроры тергейді" деп хабарлады Швеция прокуратурасы таратқан 7 қарашада таратқан мәлімдемесінде.

Тергеуге Эквадор прокурорымен бірге Швеция прокуроры Ингрид Исгрен мен швециялық тергеушінің кіруіне де рұқсат етілген. Олар Ассанждың жауабын Швеция үкіметіне жеткізбек.

Швеция прокуратурасы Ассанж егер келіссе, онда одан ДНҚ сынамасы да алынатынын айтады.

45 жастағы Джулиан Ассанж Швеция үкіметі WikiLeaks сайтында Ауғанстан мен Ирактағы соғысқа қатысты әскери құпия материалдардың жариялануына байланысты өзін АҚШ-қа экстрадициялауы мүмкін деп Швецияға тергеуге барудан бас тартқан.

Джулиан Ассанж 2012 жылы Швеция билігі өзіне жыныстық зорлық және озбырлық жасады деп айып таққан соң Лондондағы Эвкадор елшілігінен саяси баспана сұраған.

XS
SM
MD
LG