Accessibility links

Болгария: Президент сайлауының алғашқы кезеңінде ресейшіл кандидат алға шықты


Румен Радев, Болгария президенттігінен үміткер.
Румен Радев, Болгария президенттігінен үміткер.

Болгарияда 6 қазанда өткен президент сайлауының алғашқы кезеңінің алдын ала нәтижелері бойынша, Социалистік партия қолдайтын ресейшіл кандидат Румен Радев алда тұр. Дегенмен, ол таза жеңіске жету үшін қажетті 50 пайыздық межеден аса алмады.

Қазірге дейін сайлауда берілген дауыстардың 95 пайызы саналды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 53 жастағы запастағы генерал әрі Болгария қарулы күштерінің бұрынғы қолбасшысы Румен Радев 25,7 пайыз дауыс алған. Оңшылдар атынан сайлауға түскен Цецка Цачева 22 пайызға жуық дауыс алды. Сарапшылар сайлауға дейін Цачеваны алғашқы кезеңде жеңіске жетеді деп болжаған еді.

Радев өзін дербес кандидат деп ұсынғанымен, іс жүзінде Социалистік партияның мүддесін қорғайды. Ол Еуропа Одағының Ресейге салған экономикалық санкцияларын алып тастауға және Болгарияның бұрынғы одақтасы Ресеймен экономикалық байланыстарын қалпына келтіруге шақырады. Болгария қазір НАТО мен ЕО құрамында.

Болгарияда президент көбінесе формалды қызмет атқарғанымен саяси шешімдер қабылдауда біршама ықпалы бар. Президент сайлауының екінші кезеңі 13 қарашада өтеді.

XS
SM
MD
LG