Accessibility links

Клинтон мен Трамп сайлау қарсаңында соңғы кампаниясын өткізеді


АҚШ президенттігіне кандидаттар Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп.
АҚШ президенттігіне кандидаттар Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп.

АҚШ-та 8 қарашада президент сайлауы өтеді. Сайлау нәтижесіне кандидаттардың бір де бірі айқын басым түспеген штаттардағы дауыс беру әсер етуі мүмкін. Сайлауға бір күн қалғанда Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтон мен Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамп дауыс беру шешуші рөл атқаруы мүмкін штаттарда сайлаушылардың сеніміне ие болудың соңғы әрекеттерін жасап бақты.

Қоғамдық пікірге жасалған талдау Клинтон мен Трамп арасындағы бәсеке аталған штаттарда күшті болатынын көрсетіп отыр. Дегенмен, ел аумағында Клинтон танымалдығы жағынан Трамптан басым тұр. Республикашылдар кандидаты сайлау қарсаңында күндіз Флоридаға, сосын Солтүстік Каролинаға барды. Квиннипэкск университеті жүргізген сауалнама бойынша, бұл екі штатта да Клинтон сәл ғана басым тұр.

Трампқа өзіне қажетті 270 дауысты иеленіп, президент болып сайлану үшін Флорида мен Солтүстік Каролина штатында да жеңіске жету керек. Клинтонның 270 дауыс жинап, президент болу мүмкіндігі жоғары. Клинтон бұл екі штаттан өзге Пенсильвания мен Мичиган штаттарында да сайлауалды митингілерін өткізеді.

XS
SM
MD
LG