Accessibility links

ІІД: Алматыдағы өрт құрбандары арасында студенттер де бар


Өрт сөндіру көлігі (Көрнекі сурет).
Өрт сөндіру көлігі (Көрнекі сурет).

Алматыдағы Almaty Towers бизнес орталығында болған өрттен қаза тапқандардың арасында жоғары оқу орындарының студенттері де бар деп хабарлады қалалық ішкі істер департаменті. Полиция студенттердің 1993, 1994 және 1995 жылы туғанын ғана айтып, олардың аты-жөнін, қай оқу орнында оқығанын айтпады.

Almaty Towers-тегі өрт 6 қараша күні кешке болған. Бизнес орталыққа жапсарлас салынған алты қабатты ғимараттың шатыры өртенген. Полиция бұған дейін өрт салдарынан барлығы алты адам қаза тапқанын хабарлаған. Өрт болған күні 1962 жылы туған ер адам газдан тұншығып оқиға орнында қаза тапқан. Қалған бес адамның мәйіті 7 қараша күні түскен дейін өртенген үйінділер арасынан табылған.

Қазір өртке қатысты тергеу жұмыстары басталған.

XS
SM
MD
LG