Accessibility links

Атыраудағы сотта Макс Боқаевты сот залынан шығарып жіберді


Алматыдағы сот-медициналық сараптау институтының бас инспекторы Бибігүл Жұмашева Алматыдан видео конференция арқылы Атыраудағы Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотында жауап беріп тұр. атырау, 8 қараша 2016 жыл.
Алматыдағы сот-медициналық сараптау институтының бас инспекторы Бибігүл Жұмашева Алматыдан видео конференция арқылы Атыраудағы Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотында жауап беріп тұр. атырау, 8 қараша 2016 жыл.

Атырауда бүгін азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісі бойынша өтіп жатқан сотта Боқаевты сот залынан шығарып жіберді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгінгі сотта сот медициналық сараптамасын жүргізген мамандардан қашықтан жауап алынып жатыр.

Түске дейін сотта Алматыдағы сот-медициналық сараптама институтының бас инспекторы Бибігүл Жұмашева мен бас маман Алуа Айдарбековадан жауап алынды. Олар Боқаев пен Аянның ісі бойынша жалпы саны 29 сараптама жасалғанын айтты. Айдарбекованың сөзіне қарағанда, ол өзі 9 сараптаманы зерттеп шыққан, барлық сарапшыға ұйғарым жасауға 30 сағаттан уақыт берілген.

Бибігүл Жұмашева жауабында барлық сарапшылар Боқаев пен Аянның әлеуметтік желідегі жазбаларын зерттегенде жазбалардың басқа адамдарға, түрлі топтарға "дисфункционалдық әсері" болды деген тұжырым жасағанын айтты. Боқаев осы тұста Жұмашевадан "дисфункционалдық әсердің" нақты қай топтағы адамдарға қандай пайыздық деңгейде тигенін айтып беруін сұрады. Судья Боқаевтан мұндай сұрақ қоймауын талап еткен. Боқаев судьямен келіспей, куәгерге сауал қоюға хақы барын айтқан соң судья оны "сотты құрметтемегені үшін" сот залынан шығаруды талап етті. Бұдан соң қарауылдар Боқаевты сот залынан алып кетті.

Бүгінгі сотқа құқық қорғаушы Евгений Жовтис пен оппозицияшыл саясаткер Зәуреш Батталова, Канада елшілігінің брінші хатшысы Джуд Пекора бақылау жасады.

XS
SM
MD
LG