Accessibility links

Меркель Ресейден кибершабуыл қаупі барын айтты


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель еліндегі сайлау барысына Ресейдің компьютерлік шабуыл арқылы әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Сейсенбі күні Берлинде Норвегия премьер-министрі Эрна Сульбергпен бірге баспасөз мәслихатын өткізген Меркель "Германия үкіметі қазірдің өзінде Ресей жақтан жасалған хакерлік шабуылға ылғи тап болып жатыр" деп мәлімдеді.

Неміс канцлері бұл мәліметті "Германия да АҚШ-тағы демократиялық партиялар және кейбір ақпарат құралдары мен мекемелер тәрізді кибершабуылға тап болуы мүмкін бе?" деген сауалға байланысты айтты.

Неміс арнайы қызметі биыл Ресейді халықаралық кибершабуыл мен кибердиверсия жасады деп айыптаған. Кремль ондай әрекетке қатысы жоқ екенін айтады.

Германияда 2017 жылы қыркүйекте парламент сайлауы өтпек. Ангела Меркель әзірше ол науқанға қатысар-қатыспасын айтқан жоқ.

XS
SM
MD
LG