Accessibility links

Қарағанды облысында үш кенші қаза тапты


Қарағанды облысында шахтаға түсіп бара жатқан кеншілер. 12 маусым 2012 жыл (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысында шахтаға түсіп бара жатқан кеншілер. 12 маусым 2012 жыл (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты "Саранская" шахтасында төтенше оқиға салдарынан үш кенші қаза тауып, бес адам жараланды. Компанияның ақпаратына қарағанда, көмір департаментіне қарасты шахтадағы төтенше оқиға 10 қараша күні кешке жақын болған. Жараланғандар Қарағандыдағы Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілген, олардың бірінің жағдайы ауыр.

"Оқиға орнына арнайы комиссия шығып кетті. Комиссия оқиғаның қалай болғанын, себебін анықтайды. Тексеру қорытындысы комиссияның жұмысы аяқталған соң белгілі болады" деді "АрселорМиттал Теміртаудың" баспасөз қызметінен.

Компания төтенше оқиғаны "қайғылы жағдай" деп атағанымен, нақты қандай не болғанын айтпай отыр. Дегенмен, 10 қараша күні кешке жергілікті агенттіктердің бірінің хабарлауына қарағанда, шахтада алдын ала мәліметтер бойынша "аспалы жол үзіліп кеткен".

XS
SM
MD
LG