Accessibility links

Шымкенттегі ВИЧ жұқтырған 83 баланың статусы ашылды


Шымкенттегі ВИЧ жұқтырған балалардың бірі.

Биыл Шымкенттегі ВИЧ жұқтырған 83 баланың статусы ашылды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін Шымкентте өткен үкіметтік емес ұйымдардың жетінші азаматтық форумында "Балаларды СПИД-тен қорғау" қоғамдық қорының төрайымы Жанетта Жазықбаева мәлім етті.

"2005-2006 жылдары Шымкенттегі медицина мекемелерінде ем алып жатқан балаларға медицина қызметкерлері өз міндеттеріне салғырт қарауының салдарынан ВИЧ жұқтырылды. Біздің қорда тіркеуде тұрған 245 баланың негізгі бөлігі осы балалар. Қазіргі таңда ол балалар 11-12 жасқа толды" дейді қор төрайымы.

Жанетта Жазықбаеваның айтуынша, 11-13 жас - ВИЧ жұқтырған балаларға статусын ашып, ауруы туралы айтатын кез. Өз диагнозын білген балаға статусын толық қабылдауға бейімдеу үшін 1 жыл шамасында уақыт керек. "Бұл балалар қатерлі топқа жатады. Статусын ашып, ауруын білген кезде суицидке баруы мүмкін" дейді ол.

- Статус кеш ашылса жасөспірім психологиялық күйзеліске түседі. ВИЧ жұқтырған балалардың арасында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар көп. Бұл балалар көп уақыт психологиялық қолдауға зәру, - дейді төрайым.

XS
SM
MD
LG