Accessibility links

«Ақтөбе» клубының директоры үйқамаққа алынды


«Ақтөбе» футбол клубының директоры Дмитрий Васильев. Ақтөбе, 11 қараша 2016 жыл.
«Ақтөбе» футбол клубының директоры Дмитрий Васильев. Ақтөбе, 11 қараша 2016 жыл.

Ақтөбе сотының 11 қараша күнгі санкциясымен «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев үйқамаққа алынды. Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімінің 2-пункті бойынша айып тағылып отырған Дмитрий Васильев 2017 жылғы қаңтардың 8-іне дейін қоғамнан оқшауланады.

Тергеу ол 2016 жылғы наурыз бен қыркүйек айларының аралығында 240 миллион 840 мың теңгені қолды қылды» деп күдіктенеді.

Судья Зинаида Шмирова Дмитрий Васильевтің үйқамаққа алынатыны туралы қаулыны оқып, айыпталушының екі ай бойы Ақтөбедегі пәтерінен шығуға хақы жоқ екенін ескертті. Сондай-ақ ол осы аралықта телефонмен сөйлесіп, интернетті пайдалана алмайды. Яғни жұбайы мен адвокатынан өзге ешкіммен кездесуге құқығы жоқ.

Ресей азаматы Дмитрий Васильевтің Ақтөбедегі пәтері бақылауға алынған. Ол үйінен тергеушілер шақыртқанда ғана шыға алады.

Дмитрий Васильевтің 7 қараша күні банктегі жеке есеп шотынан 7,5 миллион теңге алғанын, оның жауапкершіліктен қашып, ел аумағынан шығып кету қаупі бар екенін айтқан тергеу соттан оны екі айға қамауға алуға санкция сұраған. Судья Шмирова Дмитрий Васильевтің өзіне тағылған айыппен келіспейтінін, істің объективті тергелуіне мүдделі екенін ескеріп, оны үйқамаққа алуға қаулы етті.

XS
SM
MD
LG