Accessibility links

Сирия үкімет әскері мен ИМ тобын химиялық қару қолданғаны үшін айыптады


Химиялық қару сынығы болуы мүмкін деген күдікке ілінген зымыран бөлшегі. Дамаск маңы, Сирия, 30 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)
Химиялық қару сынығы болуы мүмкін деген күдікке ілінген зымыран бөлшегі. Дамаск маңы, Сирия, 30 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)

Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым Сирия үкіметі мен «Ислам мемлекеті» экстремистік тобын Сирияда улы заттарды қолданғаны үшін айыптады. Бұл туралы жұма күні Reuters хабарлады.

Халықаралық ұйым отырысына қатысқан дерек көзінің агентікке хабарлауынша, АҚШ ұсынған құжат жобасына арасында Германия, Франция, Ұлыбритания бар, кеңестің 28 мүшесі қолдау білдірген. Ал Ресей, Қытай және Иран қарсы дауыс берген.

Сирия президенті Башар Асадтың күштері қарулы оппозицияға қарсы химиялық қару қолданғанын бұған дейін де халықаралық қауымдастық айыптаған. Қазан айында БҰҰ мен Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйымның бірлескен миссиясы Сириядағы тағы бір химиялық қару қолдану оқиғасына үкімет әскері жауапты деп мәлімдеген. Ұйым сарапшыларының ақпараты бойынша, Дамаск 2015 жылғы наурыздың 16-сы күні Идлиб провинциясында улы газ қолданған.

XS
SM
MD
LG