Accessibility links

Италияда никабын шешуден бас тартқаны үшін әйелге 30 мың еуро айыппұл салған


Bosnia-Herzegovina -- Indira Sinanovic, first Bosnian woman wearing niqab to run in local election in Bosnia, attends pre-election rally with supporters in Zavidovici, September 27, 2016
Bosnia-Herzegovina -- Indira Sinanovic, first Bosnian woman wearing niqab to run in local election in Bosnia, attends pre-election rally with supporters in Zavidovici, September 27, 2016

Италияның солтүстігіндегі Порденон қаласында сот жергілікті билік мекемесіне никаб тағып келіп, оны шешуден бас тартқаны үшін әйелге 30 мың еуро айыппұл кескен. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлаған.

Әуелгіде ол әйелді 4 айға қамау туралы үкім шығарған сот кейін жазаны өзгертіп, 30 мың еуро айыппұл салуды ұйғарған. Жергілікті муниципалитетке бет-жүзін бүркеп келген әйелді ғимарат күзетшілері сыртқа шығарып жіберген. Бірақ ол әйел кеңсеге қайтадан кірген.

Италияда қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін жауып тұратын киімдер киіп жүруге тыйым салынған. Франция, Германия және Ұлыбританияда исламшыл содырлар жасаған террорлық шабуылдарынан кейін Еуропа елдерінде бет-жүзді жасырып тұратын сыртқы киімдерге қатысты талап күшейтілген. Тамыз айында Францияның бірнеше қаласында мұсылмандардың суға түсуге арналған дәстүрлі киімі – буркини киюге тыйым салынған.

Тыйым салуды қолдайтындар әлгіндей киімдер адамның кім екенін анықтауға қиындық келтіреді деп санайды. Тыйымға қарсылық білдірушілер болса оны мұсылмандарды кемсітетін шара деп біледі.

XS
SM
MD
LG