Accessibility links

«Талибан» Ауғанстандағы жарылысқа жауапкершілікті алатынын мәлімдеді


 Баграм әуе базасы. (Көрнекі сурет.)
Баграм әуе базасы. (Көрнекі сурет.)

Ауғанстан астанасы Кабулдан солтүстікке қарай орналасқан Баграм әуе базасында бүгін болған жарылыстан төрт адам қаза тауып, 15 адам жараланған. Жарылыс қарашаның 12-і күні таңертең болған деп хабарлады Ауғанстандағы НАТО миссиясының өкілі. Баграм ауданы губернаторының мәлімдеуінше, жарылыс себептері анықталып жатыр.

Ауғанстандағы ең ірі саналатын Баграм әуе базасына бұған дейін бірнеше рет «Талибан» күштері шабуыл жасаған. Былтыр желтоқсан айында шабуылдан алты АҚШ сарбазы мерт болған.

«Талибан» қозғалысы Баграмдағы жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG